11 сәуірге арналған ауа райы болжамы

11 Сәуір 2019, 08:15
1868
Бөлісу:
11 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты оңтүстік және шығыстың кей жерінде жаңбыр жауады. 

Қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерінде тұман, жел күшейеді, найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін. 

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерде тұман түседі.

Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде  тұман түсуі ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы