Жалпы жаңалықтар
-
-
Түркия: Украинада бейбіт келісімге қол жеткізуге жақын қалдық
Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Украинадағы қақтығыс мәселесін реттеу жөніндегі келіссөздердің қазіргі кезеңін бейбіт келісімге қол жеткізуге бұрынғыдан да жақын деп бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
10.01.2026
-
Колумбия президенті АҚШ-тың әрекеттерін "ақымақ саясат" деп бағалады
Колумбия президенті Густаво Петро CBS News-ке берген сұхбатында АҚШ-тың Венесуэлаға қатысты әрекеттерін сынға алып, өз елінде АҚШ-қа қарсы тұратындай әуе қорғаныс жүйесі де жоқ екенін мойындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
10.01.2026
-
АҚШ Кариб теңізінде бесінші мұнай танкерін ұстады
АҚШ Кариб теңізінде Olina танкерін тұтқындады. Бұл соңғы апталарда қолға түскен бесінші кеме болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
10.01.2026
-
Ирандағы наразылықтар: кемінде 48 демонстрант қаза тапты
Иранда елді шарпыған жаппай наразылықтар барысында қауіпсіздік органдары риториканы қатаңдатып, демонстранттарға қарсы «шешуші және қажетті заңды шаралар» қолданылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
10.01.2026
-
Тұрғын үйден шыққан өрт: ШҚО-да 13 тұрғын эвакуацияланды
Шығыс Қазақстан облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тұрғын үйде шыққан өрт кезінде үш адамды құтқарып, 13 тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.01.2026
-
Қазақстанда «Щелкунчик» балетін 40 мыңнан аса адам тамашалады
Қазақстанның үш жетекші театрында қойылған Петр Чайковскийдің «Щелкунчик» балеті қысқы маусымда 40 мыңнан астам көрермен жинады. Жаңа жыл қарсаңында классикалық туынды 47 рет сахналанып, көрермен ықыласына бөленді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.01.2026
-
Ақтауда тұрғындар жарықтың жиі өшетініне шағымданды
Ақтаудың 20-шағын ауданында орналасқан «Кербез» тұрғын үй кешенінің тұрғындары коммуналдық қызметтердің жиі үзілуіне наразылық білдіріп, жолды уақытша жауып тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
09.01.2026
-
Қар, боран, көктайғақ: 14 облыста дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК ертең, 10 қаңтарда Қазақстанның 14 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.01.2026
-
Алматының таулы аумақтарында турист қабылдау көлемі 5 есеге артады
Алматының таулы аумақтарында турист қабылдау мүмкіндігін 5 есеге арттырып, тәулігіне 30 мың адамға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.01.2026
-
Астанада жолаушылар автобусының қатысуымен жол апаты болды
Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Әбіш Кекілбаев көшесінің қиылысында жолаушылар автобусы мен екі жеңіл автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды BAQ. KZ.
09.01.2026
-
Тауларда қауіп күшейді: ТЖМ халыққа ескерту жасады
Еліміздің таулы аймақтарында қардың жиналуына байланысты жекелеген қар көшкіндері өздігінен түсуі мүмкін. Көшкіндердің жүруіне түрткі болу қаупіне байланысты қар басқан тік беткейлерге шықпаған жөн, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.01.2026
-
Несие алмас бұрын білу керек 4 маңызды қадам
Кредитті ресімдеу алдында қарапайым қадамдар жасау маңызды: қаржылық мүмкіндіктеріңізді шынайы бағалау, кредит беру шарттарын егжей-тегжейлі зерделеу және құжаттарды мұқият оқып шығу. Төменде мұны қалай жасау керектігі туралы толық нұсқаулық берілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.01.2026
-
Түркиядан халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық экстрадицияланды
Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросы ҚР Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуімен Түркия Республикасынан бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының азаматшасын елге қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.01.2026
-
eGov порталынан енді тағы бір анықтаманы онлайн алуға болады
«Smart военкомат» жобасы аясында Қорғаныс министрлігі e-Gov электрондық үкімет порталының «Жеке кабинетінде» азаматтарға арналған жаңа қызметті іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.01.2026
-
Қазақстанда Парламент атауы өзгеруі мүмкін
Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.01.2026
-
Алаяқтар жаңа киберқулыққа көшті
Алданып қалуыңыз үшін енді құпиясөз де, SIM-карта да қажет емес, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.01.2026
-
"Шымкент аруы" Instagram-дағы "ойындары" үшін жазаланды
Блогер әрі «Шымкент аруы – 2022» титулының иегері Зарина Нұржанова әлеуметтік желілерде заңсыз онлайн-ойындар ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған инфлюенсерлер қатарында екені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.01.2026
-
Биылдан бастап миллиондаған адамның жалақысы артады
Қазақстанда жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты миллиондаған азаматтың жалақысы артады. Себебі 2026 жылдан бастап жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу кезінде қолданылатын салық шегерімінің мөлшері айтарлықтай ұлғайтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.01.2026
-
ІІМ-де үлкен ауыс-түйіс: Алматы, Түркістан және өзге өңірлерде полиция басшылары жаңарды
Жоспарлы ротация тәртібі аясында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің Президент Әкімшілігімен келісілген бұйрығына сәйкес бірқатар кадрлық тағайындаулар жүзеге асырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.01.2026
-
Алматы тауларында Қатардан келген турист жарақаттанды
Алматы тауларында жарақат алған шетелдік туристке көмек көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.01.2026
Наверх