Өздері қазақша, балалары орысша сөйлейтін ата-аналарды кінәлаудың қажеті жоқ – Тлепов

25 Қараша 2021, 15:06
1096
Бөлісу:
Өздері қазақша, балалары орысша сөйлейтін ата-аналарды кінәлаудың қажеті жоқ – Тлепов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов айтты.

Бұл мәселе үлкен қалаларға тән. Оған облыс орталықтары да кіреді. Демалыста бір эксперимент жасадым. Өзімнің тұрып жатқан көпқабатты үйлердің алаңында 4-5 аула бар. Соларды аралап көрдім. Бірде-бір аулада балалардың ана тілінде сөйлесіп жүргенін көрмедім. Қонаққа барғанда да, өзіміз араласып жүрген отбасылар бар. Таза қазақы отбасының балалары да орысша сөйлеп жатады. Бұл жерде ата-ананы кінәлаудың қажеті жоқ, - деді ол.

Болат Тлеповтың айтуынша, қазір ақпараттық технологияның дамыған заманы.

Қазір бала тілінің шығуына экран, ақпараттық кеңістік, интернет тікелей әсер етеді. Ресейде Мария Мазурина деген әлемге әйгілі балалар психологі бар. Ол осы саланы зерттеп келеді. Оның соңғы зерттеуін қарағанымда, 2-3 жас кезінде баланың тілі алғаш шыға бастағанда тілінің қалыптасуына ата-анасы, ортасы, достарымен қоса теледидар мен телефоннан қараған дүниесінің әсері 3 есе зор екені айтылады. Сондықтан экранды түземей, бұл мәселені шешу қиын, - деді вице-министр.


Өзгелердің жаңалығы