Бас жаңалықтар
Өзбекстанда Орталық Азиядағы жер сілкінісін болжайтын бірегей қызмет құрылады
PHOTO VIDEO
19 Шілде 2021, 12:45 612

Өзбекстанда Орталық Азиядағы жер сілкінісін болжайтын бірегей қызмет құрылады

Ташкент, BAQ.KZ тілшісі. 15-16 шілде аралығында Ташкентте «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференциясы өтті. 

Халықаралық іс-шараға Қазақстаннан «Қазақпарат» ХАА» АҚ құрамындағы Strategy2050.kz сараптамалық сайты мен Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшілері де қатысты. 


Екі күнге жалғасқан конференцияның жұмысына қатысуға келген шетелдіктерге ұйымдастырушылар кураторлар мен волонтерлер бекіткен. Қазақстандық журналистерді өзбекстандық әріптесіміз, ТЖМ баспасөз хатшысы Мұрат Садықов бағыттап жүрді. Конференцияның алғашқы күнінде қазақстандық журналистер қаланың көрікті жерлерімен танысып, Өзбекстан Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғау институтында болды.


Институт Ташкент облысының кибрайский ауданында орналасқан. Ғимарат 2011 жылы ашылған. Оқу орны бакалавр және магистр мамандарын дайындайды. 

ТЖМ баспасөз хатшысы Мұрат Садықовтың айтуынша, институт Орталық Азиядағы бірегей оқу орны.


Азаматтық қорғау институтында жылына 30-40 мың студент білім алады. Сондай-ақ 20 мың студент оқуын бітіріп шығады.


Мекеме мамандары журналистерге «Симуляция» орталығының жұмысымен де таныстырды.


Экскурсия барысында орталықта жасанды жер сілкінісін қосып, осындай жағдай болған кезде қалай қорғану керектігі түсіндірілді. Имитациялық құрылғы 8 балдық жер сілкінісіндегі журналистердің әрекетін байқап көрді.
Жер сілкінісі болған жағдайда бөлмеде қорғанудың үш жолы бар. Бірі – жастықты алып, үйдің бұрышына барып, жастықпен басты жауып тұру. Екіншісі – үстелдің астына тығылу және табалдырыққа барып, аяқпен сүйеніп, қорғану қажет. Сонымен қатар сер сілкінісі кезінде эмоция берілмеген дұрыс, - деді орталық мамандары.


Симуляциялық орталықта Өзбекстандағы жер сілкінісінің тарихы туралы ақпарат берді. Орталықта сер сілкінісі жайында музей орналасқан. Онда жер сілкінісін анықтау үшін адамзат ойлап тапқан құрылғылар мен жер сілкінісі туралы кітаптар, ақпараттар, суреттер қойылған. 


Бұрын адамзат жерді ұстап тұр деп ойлайтын. Кейін жер сілкінісінің алдын алу үшін адамдар құрбан шалып отырды. Музейде осындай да ақпараттар бар. Сонымен қатар алғашқы кездері сіл сілкінісін зерттеумен айналысқан ғалымдар туралы да ақпараттар жетерлік. Мысалы, Аристотель, Демокрит, сондай-ақ өзбек ғалымдар Абу Райхон Беруни, Мухаммад Бобур да жер сілкінісінің туындауын зерттеумен айналысқан, - деп түсіндірді Институт маманы.


Экскурсия барысында әлемдегі ең алғашқы жер сілкіністері мен оның салдарынан болған апаттар туралы ақпарат айтылды. Алпауыт апаттар Ташкент, Америка, Иран, Түркияда болған.

Жер түрлі тектоникалық плиталарға бөлінеді. Мәселен, Үнді-автриялиялық және Еуразиялық плиталардың соқтығысуы кезінде Орталық Азия өңірінде жер сілкінісі пайда болады. Бұл да жер сілкінісінің пайда болуының бір себебі, - деді маман.


Сонымен қатар баспасөз турында сер сілкінісінен кейінгі апаттың салдары көрсетілді.

1966 жылы Ташкентте болған жер сілкінісі туралы да ақпарат айтылды. Мамандардың айтуынша, таңғы 5 сағат 23 минутта магнитудасы 5,3 болатын өте күшті жер сілкінісі болды. Бұл Рихтер шкаласы бойынша 8 балл. 

Кейін Кеңес Одағы кезіндегі елдердің бірлескен күшімен қазіргі Ташкент қаласы қайта тұрғызылған.


Музейде Өзбекстанның Сейсмология орталығы ғалымдарының жетістіктері жайында бұрыш бар. Айтуларынша, Сейсмология институты ғалымдары жер сілкінісі болатынын алдын ала хабарлаған. Бұл да бір жетістік. Себебі жер сілкінісін болжау мүмкін емес. Дегенмен ғалымдар бірнеше күн бұрын анықтап, зерттеген жер сілкіністері бар. Олар алдын ала сейсмикалық мониторинг жұмыстарын жүргізулері нәтижесінде байқаған, - дейді Институт маманы.

Өзбекстанда жер сілкінісін болжау бойынша арнайы функционалды қызметті құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл қызмет жұмысын бастаған соң өзбекстандық ғалымдар жер сілкінісін алдын ала болжай алады. Нәтижесінде апаттың алдын алу үшін тиісті шараларды қабылдауға мүмкіндіктері болады. Дайындық жұмыстары аяқталған соң жыл соңына қарай бұл қызмет жұмысын бастайды.


Сонымен қатар мамандар өрт кезінде қалай әрекет етуді үйрететін 3D кабинеттің жұмысын көрсетті.

Келушілер көзілдірікті киіп, өрт кезіндегі қауіпсіздік ережесімен танысады. Сондай-ақ шыққан өртті 3D форматта сөндіруді үйренеді. Мамандардың айтуынша, бұл орталыққа мектеп оқушыларына экскурсиялар жиі ұйымдастырылады. Оларға өрттің қалай алдын алу керектігі және шыққан өртті қалай сөндіруді көрсетеді. 


Экскурсия барысында ТЖМ Азаматтық қорғау институтының заманауи технологиялары таныстырылды.




Фото: автордан
Загрузка...