Бас жаңалықтар
Өз кандидатымыз болса да, көпшілікті қолдадық – Перуашев
15 Қаңтар 2021, 12:35 220

Өз кандидатымыз болса да, көпшілікті қолдадық – Перуашев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ақ жол» партиясы Мәжіліс спикерінің кандидатурасын қолдайтынын атап өтті. ҚР Парламентінің жетінші шақырылымының бірінші сессиясында партия төрағасы Азат Перуашев өз үміткерлерін ұсынбақ болғанын, алайда парламенттік көпшілік Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын қолдаған соң, фракция мүшелері де осындай пікірде екенін айтты.

Әрине, Мәжіліс спикерінің лауазымы жұмыс үшін мағыналы, тіпті шешуші екенін түсінеміз. Сол себепті біздің фракция да өз үміткерін ұсынуға дайын еді, алайда парламенттік көпшілік ұсынған кандидатураны қолдауды жөн деп шештік. Нұрлан Нығматулинмен бірге біраз жыл істес болдық, талай күрделі жағдайда оның мемлекетшілдік пен кәсібилігіне куә болдық, - деді ол.

Сондай-ақ, Азат Перуашев Нығматулиннің өзге Мәжіліс спикерлерінен ерекше қасиетін атап өтті.

Ол партиялар арасындағы тең дискуссияларға әділетті төреші бола алған адам. Өйткені оған дейін дискуссиялар кезінде біздің микрофондарды өшіріп тастау жағдайлары кездесетін. Ол Мәжіліс спикері болған кезде ешқашан өзге партия өкілдерінің микрофондары өшірілмеді, керісінше сөз алу міндетті болатын, - деді партия төрағасы.


Фото: дереккөз
Загрузка...