Бас жаңалықтар
Қорғаста ойын автоматы бар зал табылды
23 Қыркүйек 2019, 12:49 269

Қорғаста ойын автоматы бар зал табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тексеру барысында Қорғас ШЫХО сауда үйлерінің бірінен ойын залының қызметін жүзеге асыру фактісін анықталды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

"Салық органдарына тіркеусіз, ұтыссыз 49 ойын автоматы бар зал табылды. Сондай-ақ, рейд басында алкоголь өнімдерін лицензиясыз және ілеспе жүкқұжатсыз 4 181 268 теңге сомаға 273 бөтелке алкоголь өнімдерін, сонымен қатар 5 330 070 теңге сомаға 13 885 қорап (277 700 дана) мөлшерінде темекі өнімдерін сақтау және сату фактілері анықталды", - деп хабарлады облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінде.

Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша материалдар кінәлі тұлғалардың жауапкершілігі мәселесін шешу үшін сот органдарына берілді.


Фото: дереккөз
Загрузка...