Шемонаихада қоян ұрлаған ер адам ұсталды

29 Қыркүйек 2020, 15:34
2652
Бөлісу:
Шемонаихада қоян ұрлаған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің «102» жедел каналына 56 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, үйдің ауласындағы қорасынан белгісіз адам үш қоянын ұрлап кеткенін жеткізген, деп хабарлады altaynews.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, келген шығын көлемі - 4500 теңге.

Тәртіп сақшылары ұрыны «ізін суытпай» анықтады. Тергеу барысында 18 жастағы бұрын сотталмаған қаскүнемнің көршісінің қорасына есікті бұзып кіріп, үш қоянды ұрлағаны анықталды. Ұры қайтар жолда «олжасын» жоғалтып алғандықтан, жәбірленушіге қояндарын кері қайтара алмады, – деді Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің бастығы Қанат Синиязов.
Көрсетілген факті бойынша ҚР ҚК 187-бабы, 1 бөлігі бойынша («Ұсақ ұрлық») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы