Бас жаңалықтар
Оттавада «Қазақстан: ежелгі тарихы бар жас ел» атты презентация өтті
01 Желтоқсан 2020, 15:40 186

Оттавада «Қазақстан: ежелгі тарихы бар жас ел» атты презентация өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Канададағы елшілігі Оттаваның халықаралық клубымен бірлесе отырып, «Қазақстан: ежелгі тарихы бар жас ел» тақырыбы бойынша онлайн презентация өткізді.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған іс-шара жергілікті көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды. Оған 50-ден астам адам қатысты, олардың ішінде Канадада тіркелген шетелдік елшіліктердің өкілдері, Оттава халықаралық клубының мүшелері, сондай-ақ жергілікті қоғам қайраткерлері болды.

Канада астанасының жұртшылығына таныстыру шеңберінде қазақтың тарихы, мәдениеті, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы жан-жақты мәлімет ұсынылды. Сонымен қатар қатысушылар егемен Қазақстанның жетістіктерімен және еліміздің қазіргі өмір салтымен таныса алды, - делінген хабарламада.

Сұрақ-жауап сессиясында қатысушылар ұлттық тағамдар мен Қазақстанға туристік сапарларға қызығушылық танытты. Іс-шара соңында қонақтар Қазақстанға баруға ниет білдіріп, ел туралы мағыналы ақпарат үшін дипломаттарға алғыстарын айтты.

Оттаваның халықаралық клубы (International Club of Ottawa) - Канададағы ашық коммерциялық емес қоғамдық ұйым, ол Оттаваның дипломатиялық, іскерлік және академиялық топтарының өкілдері арасында ақпарат алмасуды ұйымдастырумен шұғылданады.

 


Фото: дереккөз
Загрузка...