Бас жаңалықтар
Өткен тәулікте шетелден  5 715 жолаушы келген
04 Қыркүйек 2021, 12:44 139

Өткен тәулікте шетелден 5 715 жолаушы келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 3 қыркүйекте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты.

2021 жылдың 03 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Қытай, БАӘ, Грузия, Черногория, Түркия, Беларусь Республикасы, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 39 халықаралық әуе рейсі келді. Өткен тәулікте 5 715 авиажолаушы келді. 

Оның ішінде:  Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 637 жолаушы;  Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 575 жолаушы;  Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 277 жолаушы;  Ақтау қаласының әуежайына – 6 рейс, 487 жолаушы,  Орал қаласының әуежайына - 1 рейс, 240 жолаушы.  Атырау қаласының әуежайына - 2 рейс, 332 жолаушы.  Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 167 жолаушы. 

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.


Фото: дереккөз
Загрузка...