Отбасылық құндылықтар туралы кітап жарық көрді

15 Қараша 2019, 20:42
7048
Бөлісу:
Отбасылық құндылықтар туралы кітап жарық көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Отбасы академиясы" отбасын кешенді қолдау орталығы, "ÓNEGE" жобасы аясында әдістемелік нұсқаулық болатын кітап шығарды.

Кітап әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзекті ақпаратты қамтиды, сондай-ақ отбасылық құндылықтар мен бақытты және салауатты неке және отбасындағы қарым-қатынастар туралы материалдарды қамтиды.

Жоба аясында сарапшылар Қазақстанның 9 қаласында 90 отбасыға сауалнама жүргізді. Кітап төрт бөлімнен тұрады. Әдістемелік басшылықта басты отбасылық құндылықтар, дәстүрлі әдет-ғұрып, ата-аналар мен туыстар, өзара түсіністік пен сенім, бақытты отбасы кеңестері, отбасындағы өзара қарым-қатынас, отбасы тәжірибесі және жас жұбайлар кеңестері сияқты тақырыптар қымтылды, - делінген ақпаратта.
Кітап ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында жарияланады.
Өзгелердің жаңалығы