Бас жаңалықтар
Отбасы күні: Аққулы ауданында биыл 100-ден астам сәби дүниеге келген
12 Қыркүйек 2021, 18:44 77

Отбасы күні: Аққулы ауданында биыл 100-ден астам сәби дүниеге келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы ауданда 30-ға жуық жұп АХАЖ бөлімінде некесін тіркеген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Отбасы күні қарсаңында аудан әкімі аппаратының бас маманы Азиза Темірбаева неке қию рәсімін салатанатты түрде өткізді. Шаңырақ көтерген Мади Акишев пен қалыңдығы Аружан Жанатұрмысоваға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерболат Шакиров ізгі тілегін білдіріп, естелікке сыйлық табыстады.

2021 жыл – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, АХАЖ органдарының 100 жылдығы. Ал қыркүйектің екінші жексенбісі ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығымен Отбасы күні болып бекітілгені белгілі. Отбасысыз адам өмір сүре алмайды, өркениетті қоғам да құрылмайды. Өйткені отбасында адам туады, өседі және қалыптасады. Бүгінде шаңырақ көтеріп отырған жастарға бақытты, баянды ғұмыр тілейміз. Елімізде берекесі жарасқан, үлгілі отбасылар саны арта берсін, - дейді Ерболат Шакиров.

Айта кетерлігі, ауданда жыл басынан бері 100-ден астам сәби дүниеге келген.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...