Отандық QazVac вакцинасы қауіпсіз - вирусолог

5 Мамыр 2021, 16:30
1421
Бөлісу:
Отандық QazVac вакцинасы қауіпсіз - вирусолог

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Отандық вакцинаны жасаушылардың бірі әрі Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының Аса қауіпті аурулар зертханасының меңгерушісі Лесбек Күтімбетов онлайн-брифинг барысында вакцинаның жасалуы жайлы айтып берді.

Профессор вакцина жасалысымен, яғни толық клиникалық сынақтан өтпей тұрып зерттеу институтындағы жеті адам салдырғанын айтады.

Өткен жылдың шілде айында мен және тағы алты әріптесім осы вакцинаны салдырдық. Одан бері тоғыз айдай өтті, екпенің кері әсері байқалмады. Тек екпе салған орында ауырсыну ғана болды. Ай сайын қанымыздағы антидененің мөлшерін тексеріп отырамыз, иммундық жасушалар 6-7 айға дейін сақталды, одан кейін төмендей береді, - дейді ол.

Сонымен қатар ол отандық QazVac вакцинасы 3 клиникалық сынақтан өтіп, алғаш 3 мыңнан аса адам салдырғанын айтты.

Бірінші кезеңінде бұл вакцинаның адам ағзасына қауіпсіздігі сыналды. Оған Алматы қаласында 44 адам қатысты. Вакцина алған соң олардың ағзасында ешқандай потология, өзгеріс, кері әсер болған жоқ, - деді Күтімбетов.

Мамандардың айтуынша, отандық вакцина өлі коронавирустан жасалған, сондықтан ол қауіпсіз.

Айта кетсек, елімізде 26 сәуірден бастап отандық  QazVac вакцинасын салу басталды.

Өзгелердің жаңалығы