Қазақстандықтар еліміздің 11 үздік әлеуметтік кәсіпкерін таңдады

5 Мамыр 2021, 16:18
3305
Бөлісу:
Қазақстандықтар еліміздің 11 үздік әлеуметтік кәсіпкерін таңдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның 11 үздік әлеуметтік кәсіпкері «Ozgeris Ustasy» жүлдесімен марапатталып, 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Жеңімпаздар «Ozgeris Ustasy» әлеуметтік кәсіпкерлігін ілгерілету мен дәріптеуге қосқан үлестері атап өтілген салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты.

Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойы аясында өткен байқау онлайн форматта өтті, оған кез келген адам қатыса алды. Биылғы жылы байқауға бүкіл Қазақстаннан 44 өтінім берілді. Бірінші кезеңде сараптау комиссиясы 25 финалистті іріктеп алды. Ал жеңімпаздар ашық қоғамдық дауыс беру арқылы анықталды.

Әлеуметтік кәсіпкерлік Қазақстанда салыстырмалы түрде жаңа бағыт, бірақ бүгінгі күннің өзінде біздің нарықта мықты, орнықты жобалар пайда болуда. Бұған дауыс беруге қатысқан әрбір қазақстандық өзі көз жеткізе алды.

Финалистерді анықтау оңайға тиген жоқ, себебі әрбір өтініш беруші шын мәнінде ізгі, игі іс жасауда, бұл ретте белгілі бір өзекті әлеуметтік проблеманы шешуге үлес қоса отырып, сонымен қатар табыс табуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін қызықты бизнес үлгілер көп болды. Жеңімпаздарды таңдау ісін біз қоғамға сеніп тапсырдық. Бұл көптеген адамдарға финалистердің ерекше жобаларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Біз байқауды екінші рет өткізіп отырмыз. Біздің қатысушыларымыздың кәсіпқойлығы мен Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікке қызығушылықтың артып келе жатқанын зор қуанышпен байқадық, - деп Impact Hub Alamaty басшысы Индира Шах өз әсерімен бөлісті.

Биыл жүлде екінші рет беріледі. Ұйымдастырушылар қатысушылардың кәсіпқойлығының артқанын, сондай-ақ Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікке қызығушылықтың артып келе жатқанын үлкен қуанышпен атап өтеді.

Жүлденің мақсаты – Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік институтына назар аудару, осы саланың көрнекті мамандарының еңбегін қоғамның мойындауына ықпал ету. Әлеуметтік кәсіпкерлер дегеніміз қоғам үшін маңызды мәселелерді шешетін, сонымен қатар өзара тиімді бизнес моделін құра алатын адамдар. Әлеуметтік проблемаларға ұқыпты, құрметпен қарайтын адамдар мен олардың креативті шешімдерін көрсеткіміз келеді. Ел өзінің қаһармандарын білуі керек, мүмкін олардың істері өзгелерге үлгі болар, - деді марапаттау рәсімінде Impact Hub Alamaty бағдарламалық менеджері Фарида Наврузбекова.

Биыл «үздіктің үздігі» болып келесі ұйымдар атанды:

- Экология саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің үздік үлгісі болып «нөл қалдық» концепциялы HelloEco Экодүкені, «Greenup kz» Қоғамдық қоры;
- Мәдениет және өнер саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің үздік үлгісі болып ULY DALA компаниясы мен «Трансформа» мәдени кеңістік атанды;
- Осал топтарға қолдау көрсету саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің үздік үлгісі болып «Луч Света» аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға көмек беру қоры» Қоғамдық қоры, Розалия и Эмир жекеменшік қоры аутизм және сөйлеу коррекциясы Коррекциялық Орталық, Гүлмира Уәлихан Құрақ дәстүрлі қолөнер Студиясы, «Дошкольная организация Страна чудес» ЖШС, «Рудненское городское добровольное общество инвалидов» Қоғамдық бірлестігі атанды;
- Аумақтарды дамыту саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің үздік үлгісі болып «Qareket Жақсылық жаса» Қоғамдық қоры атанды;
- Әлеуметтік кәсіпкерлер арасында COVID-19 пандемиясының сын-қатерлерін шешуге арналған инновацияның ең жақсы үлгісі болып «Іскерлікке демеу» Қоғамдық қоры атанды.

Біз бес жылдай әлеуметтік кәсіпкерлікті жамытумен айналысып жатырмыз және COVID-19 пандемиясы кезінде қоғам мен бизнестің оған қалай шыдап, қалай сезінгендерін, кейде шын мәнінде инновациялық амалдардың қолданылғанын өз көзімізбен көрдік. Бұл бүкіл бизнес үшін, әлеуметтік кәсіпкерлер үшін де қиын кезең. Біреулер бейімделе алды, біреулер бизнес моделін тіптен бұрып жаңа бығыттар ашты. Бұл бізді «Әлеуметтік кәсіпкерлер арасында COVID-19 пандемиясының сын-қатерлерін шешуге бағытталған инновацияның үздік үлгісі» атты номинацияны ұйымдастыруға шабыттандырды, - деді Қазақстандағы Еуразия Орталық Азия қорының бағдарламалар директоры Айгүл Тағатова.

Өзгелердің жаңалығы