Отандық 5 мыңға жуық тауар түрі әлемнің 120 еліне экспортталады

7 Қазан 2021, 17:17
19266
Бөлісу:
Отандық 5 мыңға жуық тауар түрі әлемнің 120 еліне экспортталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында QazTrade бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева хабарлады. 

Оның айтуынша, Қазақстанда экспортты қолдау мен дамытудың 20-дан астам қаржылық және шараларын қамтитын тұтас экожүйе құрылған көрінеді.

Бүгінгі күні қазақстандық экспорттық тауарлардың тізімдемесі 5 мыңға жуық. Олар мұнай өнімдерінен, металл прокатынан және машина жасау өнімдерінен бастап, жеңіл өнеркәсіп тауарларына, тұрмыстық химия және тұрмыстық заттарға дейін. Олар әлемнің 120 еліне жеткізіледі, - деді Әсел Егембердиева. 

Сондай-ақ ол отандық тауарларға сыртқы нарыққа шығуға және онда орнығуға көмектесу – мемлекеттің міндеті деп отыр. 

Бұл ретте жұмыс істеп тұрған өңделген тауарларды экспорттаушылардың 80%-ға жуығы шағын және орта кәсіпорындарға жатады, - деп атап өтті ол. 


 

Өзгелердің жаңалығы