Отандық өнім мен өндірушілерге қолдау – ел дамуына қолдау

18 Қараша 2019, 14:50
5642
Бөлісу:
Отандық өнім мен өндірушілерге қолдау – ел дамуына қолдау
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада "Инновацияларды ынталандыру: ғылым және бизнес кооперациясы" конференциясы өтті.

Бұл іс-шара Қазақстандағы ғылыми жетістіктерді коммерцияландырудың табысты тәжірибелерін таныстыру үшін маңызды оқиғалардың бірі. Конференцияны "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы аясында ҚР білім және ғылым министрлігі мен дүниежүзілік банк бірлесіп ұйымдастырды.
Конференцияда өздеріңіз көргендей қазақстандық ғылыми жетістіктерді коммерцияландырудың табысты тәжірибесі мен Қазақстан экономикасының үдемелі дамуын жүзеге асыру үшін бизнеспен жемісті ынтымақтастықтың нәтижелері таныстырыланады. Сонымен қатар, "Табысты жобалар" сессиясы, оның барысында қазақстандық ғалымдар мен озық ғылыми шешімдерді әзірлеушілер өз жобаларын коммерцияландыру бойынша тәжірибелерімен бөлісе алады" - дейді "Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы дирекорының орынбасары  Ілияс Оспанов. 
ин5.jpg

Бұдан бөлек конференция барысында "Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы перациялық қызметі мәселелері бойынша пікірталас алаңында ғылым мен бизнестің тығыз өзара іс-қимылының өзекті мәселелері, қазақстандық ғылыми жетістіктерді дамытудың маңызды факторларының бірі ретінде инновацияларды ынталандыруды қолдау мәселелері талқыланды.

ин1.jpg

Сондай – ақ, іс-шара аясында "Өнімді инновацияларды ынталандыру-табысты жобалар" көрмесі өтті. Онда 20-дан астам іске асырылған жобалар  ұсынылды.
Олардың қатарында "BioMix" компаниясы бірінші отандық "BioMix7BLB" биопрепаратын белсенді микроорганизмдер негізінде органикалық ластағыштардан кәріздік ағындарды жинағыш көлдерді биологиялық тазарту үшін әзірленген ертінділер; "Water Energy" компаниясы ұсынған гидростанциялар мен жылу генераторларына арналған жаңа технологиялар бар.

ин3.jpg

Ал "EcoSave" агроөнімдерді қорғау технологиясын отандық әзірлеуші агроөнімдерді микробтық аурулардан және көкөніс қоймаларында ұзақ сақтау кезінде қамба зиянкестерінен қорғау үшін экологиялық қауіпсіз биопрепараттарды ұсынды.

ин4.jpg

Конференцияға ҚР білім және ғылым министрлігінің, ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстандағы дүниежүзілік банктің өкілдігі, ғылымды коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңес, квазимемлекеттік сектор қатысты.

ин6.jpg

Өзгелердің жаңалығы