Отандық компания журналистердің атынан қайырымдылыққа қаржы аударды

29 Маусым 2020, 22:22
1513
Бөлісу:
Отандық компания журналистердің атынан қайырымдылыққа қаржы аударды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ журналистерді кәсіби мерекесімен ерекше құттықтады. Компания "басқаларға жақсылық жаса" принципі бойынша әрекет жасады. 

Сал ауруынан зардап шегетін баланы емдеуге миллион теңге аударылды. Ал қайырымдылық ретінде қарағандылық БАҚ-тың жүз қызметкерінің есімдері көрсетілген.

Кәрім Қалиев бес жарым жаста. Туғаннан бастап балаға "Сал ауруы, спастикалық тетрапарез" диагнозы қойылған. Анасы Юлия Хасенованың айтуынша, босану қиын өткен екен, бала гипоксиядан зардап шегіп, дүниеге келген соң дереу өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлер нәрестенің өмірін құтқарды, бірақ бала тұрақты түрде қымбат медициналық көмек алып отыруы тиіс.

Кәрімнің ата-анасы Мәскеуден бір клиника тауып, онда мамандар мидың дамуына бағытталған емдеу әдістемесін қалай жүргізу керектігін үйретіп, көмектескен. Анасы үйде ұлымен айналысады, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласына емдеу курстарына барып тұрады. Баланың дамуында оң өзгерістер байқалып, жағдайдың айтарлықтай жақсаруына мүмкіндік туды. Алайда бәрі қаржыға келіп тіреліп отыр. Елордаға әрбір сапар құны 350 мың теңгеден асады. Сонымен қатар, балаға арнайы жабдықтар қажет: арба, шомылатын орын және тағы басқалар.

Мен ұлымның денсаулығы үшін күресемін. Бірақ өз күшімізбен барлығын өткеру өте қиын. Көмек көрсеткендеріңіз үшін үлкен рахмет, - деді Кәрімнің анасы Юлия Хасенова.

Өзгелердің жаңалығы