Қостанай облысында карантиндік шаралар күшейтілді

18 Маусым 2020, 11:45
1038
Бөлісу:
Қостанай облысында карантиндік шаралар күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді. Бұл туралы ол өзінің Іnstagram-дағы парақшасында жазды. 

Соңғы күндері облыста короновирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы, сондай-ақ, карантин режимін сақтамау фактілері бар.

Осыған байланысты жедел штаб 18-30 маусым аралығында келесі шектеу шараларын енгізу жөнінде шешім қабылдады.

19 маусымда сағат 00.00 бастап "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" және "Қостанай – Рудный", "Арқалық- Амантоғай" автожолдарында 3 санитарлық бекетті орнатылады. Аттракциондар мен субұрқақтардың, үрлемелі конструкциялардың (батуттар) жұмысына тыйым салынады. Караоке барлардың, бильярд, боулинг орталықтарының, тату-салондардың, массаж салондарының жұмысына тыйым салынады. ХҚКО-ға онлайн режимінде қызмет көрсетуге көшеді, онлайн режимінде жүзеге асыру мүмкін емес қызметтерді жазу бойынша сағат 10-00-ден 18-00-ге дейін болады. Сұлулық салондарының, шаштараздардың жұмысын тек жазылым бойынша 10-00-ден 18-00-ге дейін шектеледі. Білім беру орталықтарының жұмысы, үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары 9-00-ден 16-00-ге дейін (толтырылуы 15 адамнан артық емес) жұмыс істейді. Өнеркәсіп тобының тауарларын өткізетін объектілердің жұмысын 20-00-ге дейін шектеледі. Азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлардың жұмысын 10-00-ден 16-00-ге дейін шектеу. Мемлекеттік қызметшілердің 80%-ын қашықтан жұмыс нысанына ауыстырылады, - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша алдағы демалыс күндері эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында 20-21 маусым аралығында 50 мың адамнан асатын елді мекен (Қостанай және Рудный қалалары) үшін қосымша уақытша шектеулер енгізіледі.

Қоғамдық орындардың, саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, жағажайлардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады.
Сонымен қатар 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.

Сондай-ақ, "Болашақ" балалар лагерінің әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балалардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша санитарлық шараларды қатаң сақтай отырып, жұмысын рұқсат ету туралы шешім қабылданды.



Өзгелердің жаңалығы