Бас жаңалықтар
Өскеменге ұшақ қатынасы уақытша тоқтайды
11 Сәуiр 2021, 15:25 279

Өскеменге ұшақ қатынасы уақытша тоқтайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында әуе қатынасы бір айға тоқтатылады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Өскемен әуежайы» АҚ мәліметінше, 1 мамырдан 31 тамызға дейінгі аралықта әуежайдың жасанды ұшу жолағында жұмыстар жүргізу жоспарланған. Осыған байланысты 1 айға авиақатынас тоқтатылады. Топырақты жолақтан ұшу маусым айынан ғана басталмақ. Барлық рейстер уақытша Семей қаласына ауыстырылады.

1 маусым мен 31 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Зайсан қалалары мен Үржар ауданына «Ан-24» әуе кемелері топырақты ұшып-қону жолағынан ұшырылады, - делінген хабарламада.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...