ОСК Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеді

6 Мамыр 2019, 11:20
2135
Бөлісу:
ОСК Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеді. 

26 сәуір күні "Қазақстан коммунистік халық  партиясы" Жамбыл Ахметбековті ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынуына байланысты ОСК-ға оның келесідей тиісті құжаттарын ұсынған. 

"ҚКХП қоғамдық бірлестігін Әділет министрлігінде тіркеу  туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелген, осы қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасынан үзінді; президенттікке кандидат ретінде дауысқа түсуге келісім бергені туралы Ахметбековтің өтініші, өмірбаяндық деректері; сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат және кандидаттың мемлекеттік тілді меңгергенін анықтау негізінде Орталық сайлау комиссиясының 27 сәуірдегі қаулысымен президенттікке кандидаттың сайлау туралы  заңнамаларда қойылған талаптарға сәйкестігі белгіленіп, қол жинау парақтары берілді", - деп мәлімдеді ОСК мүшесі Бақыт Мелдешов.

Кандидатты тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына келесідей құжаттар ұсынылған:

- Президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің кірістері мен мүлкі туралы декларация жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы; 

- кандидатты тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытынды; 

- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссияларының азаматтардың президенттікке кандидат Ахметбековті қолдап жиналған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы хаттамалары. 

"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес кандидат Ахметбековті қолдап 138 294 азаматтық қол жиналды, оның ішінде рас деп танылғаны – 135 506", - деді Мелдешов. 

Оның айтуынша, Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеу үшін барлық тиісті құжат ОСК-ға ұсынылғанын және қойылған талаптарға толығымен сәйкес екенін атап өтті. ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркеу үшін ОСК қаулысымен Ахметбековті 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлануына кандидат ретінде тіркеп, кандидатқа тиісті куәлік берілді. Кандидатқа «Халық жинақ банкіне» арнайы уақытша шот ашу үшін тіркелу туралы мәліметтер беріледі. БАҚ-қа кандидат Ахметбековті тіркеу туралы ақпараттық хабарламаны жариялау белгіленді.

Еске сала кетсек, 15 сәуірдегі №13/237 ОСК қаулысымен анықталған ҚР президенттігіне кандидатты қолдап жиналған рас қолдардың қажетті саны 118 140-тан кем болмауы тиіс. 



Өзгелердің жаңалығы