Ортақ мәселелерді шешу үшін бірге жұмыс істеу керек – Шентоп

24 Қыркүйек 2019, 12:01
1611
Бөлісу:
Ортақ мәселелерді шешу үшін бірге жұмыс істеу керек – Шентоп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуразия елдері парламенттері 4-кеңесінің бірінші пленарлық отырысында Түркияның Жоғарғы Ұлттық жиналысының спикері Мұстафа Шентоп «әлемнің көптеген елдері үлкен сынақтарға, соғыс пен жанжалдарға тап болып жатқанына куә болып отырмыз. Осы проблемаларды шешу үшін бізге бірлескен ұстаным таныту қажет» деген пікір білдірді.

«Қазақстанның елордасында осы кездесуге қатысып отырғаныма қуаныштымын. Анталияда үшінші кеңесті өткізген болатынбыз. Жыл сайын қатысушылар артып отырғаны бізді қуантады. Осы кеңесті біз де өткізгеннен кейін жауапкершілікті сезінеміз», - деді түркиялық спикер. 

Сонымен қатар, Шентоптың айтуынша, ортақ мәселелерді шешуге қол жеткізу үшін бірге жұмыс істеу керек.

«Өкінішке қарай, әлемнің көптеген елдері үлкен сынақтарға, соғыс пен жанжалдарға тап болып жатқанына куә болып отырмыз. Осы проблемаларды шешу үшін бізге бірлескен ұстаным таныту қажет. Қауіпсіздік және бірлестік ұстанымдары – негізгі қағида. Парламенттегі дипломатия ішкі және сыртқы саясатқа да әсер етуі үшін Еуразия елдері осы мәселелерді шешу үшін бас қосып отырмыз. Ортақ мәселелерді шешуге қол жеткізу үшін бірге жұмыс істеуіміз керек», - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы