Алматыда көпқабатты үйде өрт шықты

16 Ақпан 2019, 16:37
2146
Бөлісу:
Алматыда көпқабатты үйде өрт шықты

Астана, BAQ.KZ. Алматының орталығындағы көпқабатты үйден өрт шықты.

16 ақпанда сағат 13.38 кеткенде 101 пультіне Гоголь, 75 мекенжайында орналасқан үйдің балконы өртенді деген хабарлама келіп түсті. 

Өрт сөндірушілер хабарлама келіп түскен жерге 13.44-те келіп жетті. Тоғыз қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы балконда үй заттары жанып, пәтердің ішіне жайылған. 50 адам эвакуацияланды, оның сегізі - балалар.

Өрт сөндірушілердің қабылдаған шараларынан соң жоғарыда жатқан қабаттарға өрттің жайылып кетуін алдын алды.

Өрт 13.54 ауыздықталып, 14.01 жойылды. Өрт аумағы 25 шаршы метрге жетті. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Өзгелердің жаңалығы