Бас жаңалықтар
Оразалин: Ақтөбеге әлі де бірнеше саябақ қажет
10 Қыркүйек 2021, 23:13 178

Оразалин: Ақтөбеге әлі де бірнеше саябақ қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласын дамыту бойынша жобалардың іске асырылу барысымен танысты.

Қазіргі уақытта Батыс-2 90%-ға игерілді, іс жүзінде Нұр-Ақтөбе толық игерілді. Сондықтан ағымдағы жылы Батыс-3 тұрғын алабының құрылысы басталады, - деді Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров.

Батыс-3 13 шағын ауданнан тұрады, халық саны 100 000 адамды құрайды. 387 көп қабатты үй мен 90 әлеуметтік-мәдени нысан салу жоспарлануда. Құрылыс 2030 жылға дейін жүргізіледі. Облыс әкімі тұрғын үй құрылысын дамытуды талқылай отырып, қаланың барлық тұрғын үй алаптарын инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Әлеуметтік инфрақұрылым бойынша - Батыс-2-де кемінде тағы екі мектеп ашу керек. Жаңа спорт нысандары мен денсаулық сақтау нысандары қажет, Нұр Ақтөбе бойынша да осындай жағдай, - деді Оңдасын Оразалин. 

Өңір басшысының жеке бақылауында қаланың тұрғын үй алаптарын сумен, газбен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз ету мәселелері де бар. 

Айта кетейік, Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында бүгінгі таңда облыс орталығында инженерлік инфрақұрылым құрылысы бойынша 5,9 млрд.теңге сомасына жобаларды қаржыландыру мақұлданды. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер өтуде, іске асыру 2021-2022 жылдары басталады. Нәтижесінде Жаңақоныс - 4 және 5, Бауырластар - 3 және 5 тұрғын алаптарын және басқа да тұрғын алаптарын коммуналдық игіліктермен қамтамасыз ету проблемасы шешіледі.

Сондай-ақ, өңір басшысы "оңтүстік айналма жолы" автожолын қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Бұған дейін аталған автомагистральдың 6,5 шақырымы жаңартылған, ағымдағы жылы ұзындығы 7,2 шақырым учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Жол құрылысымен қатар жарықтандыру жүйелері орнатылып, тротуарлар жабдықталды. Кірпішті ауылының Елек өзені арқылы өтетін көпірден "Ақтөбе-Орск" автомобиль жолына (Ақжар тас жолы) дейінгі автожолды қайта жаңарту бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады және 2022 жылы аяқталады. Ұзындығы 9,2 шақырымнан асатын учаске күрделі жөндеуге жатады. Бұл ретте жол қазіргі екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейтілетін болады. Мердігер ұйымдардың жобаларды іске асыру туралы есептерін тыңдаған облыс әкімі жұмыстардың жоғары сапасын және құрылыс мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Өңір басшысы абаттандыру жұмысы аяқталып қалған триатлон саябағын аралап көрді. Қазіргі уақытта мұнда жүгіру және велосипед жолдары 100% дайын, арка түрінде бірегей LED - экран орнатылған, жарықтандыру және суару жүйелері ретке келтірілген. Тұрғындардың тілектеріне сәйкес жаяу жүргіншілер жолы салынды. 

Триатлон саябағы демалыс сүйер белсенділердің орталығына айналатынына сенімдімін. Тағы 2-3 саябақ қалаға қажет, - деді облыс әкімі.

Жұмыс сапары аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысумен жалғасты. Облыс әкімі Есет батыр атындағы көшедегі бірнеше аулаларды аралап, саябақты абаттандырумен және «Тұрғынқалашық» ауданындағы үйлерді ренновациялау барысымен танысты. Ақтөбеде өткен жылы аулалар мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Ағымдағы жылы облыс орталығында 220 аула жөнделіп, 67 балалар ойын алаңы орнатылып, 9 саябақ пен сквер қайта жөнделеді.

Бізде көптеген қоғамдық кеңістіктер - скверлер саябағы бар. Қараусыз күйде тұрған, жаңа қоғамдық кеңістіктерге мұқтаж ескі тұрғын үй алаптары тез өсуде. Біз қаланы дамытудың полицентрлік моделін ұстануымыз керек - әр ауданда әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым, қоғамдық кеңістіктер, балалар, спорт алаңдары қолжетімді болуы тиіс, - деп атап өтті облыс әкімі. 

Айта кетейік, алты саябақ пен гүлзарды қайта құру аяқталуға жақын, жақын арада «Ғашықтар» саябағын, Ә.Молдағұлова даңғылындағы Әбілқайыр хан даңғылынан Есет батыр көшесіне дейінгі аллеяны жаңарту жұмыстары басталады.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Тұрғын қалашығында бүгін ашылған "Айман" супермаркетінің жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкердің қаржысына салынған өндіріс орнында азық- түлік өнімдері шаруашылық басынан тікелей әкелінеді. Супермаркет сөресіне келіп түсетін ет, кондитерлік, көкөніс өнімдерінен жасалған заттар арзан бағамен сатылымға шығарылады. Аймақ басшысы супермаркет жұмысымен танысып, кәсіпкерге шаруашылық аясын одан әрі кеңейтуді тапсырды.


Фото: дереккөз
Загрузка...