Бас жаңалықтар
Оралдық мас жүргізуші арыққа түсіп кетті
14 Қаңтар 2020, 11:30 376

Оралдық мас жүргізуші арыққа түсіп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралдағы Құрманғазы және Фрунзе көшелерінің қиылысында 22 жастағы ВАЗ-2115 автокөлігінің жүргізушісі көлігін басқара алмай, арыққа түсіп кеткен, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, ер адам орташа дәрежеде мас болған, - деп түсіндірді БҚО полиция департаменті.

Полицейлердің ақпараты бойынша, жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-тарауы "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру" бойынша әкімшілік іс қозғалды. 

Енді рөлге мас күйде отырған жүргізуші 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынып, көлік жүргізу құқығынан 8 жылға дейін айырылады. Бұл жаңа заң енгелі бері Оралда болған алғашқы жол-көлік оқиғасы. 

Айта кетейік, 11 қаңтардан бастап көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жауапкершілікті күшейтетін заң күшіне енген еді.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...