Бас жаңалықтар
Әскери бөлімнен қару ұрлап қашқан "контрактник" іздестірілуде
PHOTO
20 Ақпан 2020, 13:37 163

Әскери бөлімнен қару ұрлап қашқан "контрактник" іздестірілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігі оқыс оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

Оқиға Шымкент маңындағы әскери бөлімдердің бірінде орын алған.

Шымкент қаласының маңындағы әуеге қарсы қорғаныс әскери бөлімдерінің бірінен келісімшарт бойынша кіші сержант А. Балғынбай  бөлімнен өз еркімен шығып кеткен. Ол сол кезде кезекші ретінде кезекті ауысым құрамында болған. Сол уақытта қару сақтау бөлмесінде атыс қаруларының саны түгел емес екені анықталды. Құқыққорғау органдары мен әскери полиция әскери қызметкер мен жоғалған қаруды табу үшін, сонымен қатар  қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиісті шұғыл-іздеу шараларын қабылдады, - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта.

ролка.jpeg

Айта кетсек, 2020 жылдың 20 ақпаны күні әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Шымкент қаласына жақын маңдағы ҚР Қорғаныс министрлігінің №10216 A әскери бөлімінде келісімшарт негізінде қызмет ететін кіші сержант А.Б.Балғынбай есімді азаматтың әскери бөлім аумағын өз еркімен тастап кеткені туралы хабар тарады.

Таралған хабарламада оның әскери бөлімнен 30 шақты автомат, 20-дан астам тапанша мен 400-ден астам оқты өзімен бірге алып кеткені де айтылады. Аталған азамат 19 ақпаннан 20 ақпаған қараған түні түнгі кезекшілікте болған. Бұл әскери бөлім Шымкенттен 30 шақырым қашықтағы Бадам елдімекені аумағында орналасқан.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...