Онкологиялық науқастарға вакцина алауға бола ма?

18 Тамыз 2021, 12:10
1163
Бөлісу:
Онкологиялық науқастарға вакцина алауға бола ма?

Алматы, BAQ.KZ. Вакцина онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға және жазылып шыққан қаралушыларға қауіпсіз. Бұл туралы Алматы облыстық көпсалалы клиникасының директоры Саяхат Олжаев мәлімдеді.

COVID‑19-ға қарсы вакцинаның «Гам-Ковид-Вак» (Спутник- V), Pfizer/BioNTech, Moderna, Janssen/Johnsson and Johnsson) түрлерінің құрамында тірі вирус жоқ, сол себепті де ол онкологиялық аурумен ауыратын науқастарға және иммунитеті төмен адамдарға қауіпсіз болып келеді екен. 

Сovid-19 жұқтырған онкологиялық науқастарда келесі клиникалық белгілер анықталды: жөтел, дене температурасының жоғарылауы, әлсіздік, тыныс алудың төмендеуі, тіпті физикалық белсенділігі төмен, бас ауруы, жалпы әлсіздік, қалтырау, терлеу, физикалық белсенділікке төзімділіктің төмендеуі сияқты типтік белгілер. Бүгінде екі емделушіде анемия және гипопротеинемия анықталды, бұл иммунокомпетенттілікке теріс әсер етуі және тыныс алу патогендеріне сезімталдықты арттыруы мүмкін, - дейді Олжаев.
Қатерлі ісікпен ауыратын науқастар арасында коронавирустық инфекцияның клиникалық ерекшеліктері бар. Атап айтқанда, науқастар инфекцияларға өте сезімтал, сол себепті де қатерлі ісікке арналған арнайы терапиядан туындаған иммун тапшылығы байқалады.
Өзгелердің жаңалығы