Өңірлер 2020 жылға қаржыландыру жобалары бойынша толық жұмыс жүргізбей жатыр – Скляр

30 Шілде 2019, 10:51
2436
Бөлісу:
Өңірлер 2020 жылға қаржыландыру жобалары бойынша толық жұмыс жүргізбей жатыр – Скляр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тұрғын үйді іске қосу үшін инженерлік коммуникация жүргізуге 81,7 млрд теңге көзделген. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Үкімет отырысында айтты.

Жиын барысында ол жартыжылдық қорытынды негізінде қаржыландыру жоспары бойынша өңірлерге 36,8 млрд теңге аударылғанын, оның 35,8 млрд теңгесі немесе 96,1% игерілгенін жеткізді.

«Қаражатты игерудің төмен қарқыны Алматы (84%), Түркістан (85%) және Батыс Қазақстан (89%) облыстарында байқалады» - деді ол.

Сонымен қатар, ол басқа өңірлер 2020 жылға қаржыландыру жобаларын қалыптастыру бойынша толық көлемде жұмыс жүргізбей жатқанын айтты.

«Бүгінде 100 млрд теңге көлемінде бекітілген лимитке 74 млрд теңге көлемінде пул қалыптасты. ЖСҚ дайын емес болғандықтан, 26,0 млрд теңгенің құжаттары жоқ.Сонымен бірге, біздің министрлік бойынша Нұр-Сұлтан, Шымкент, Маңғыстау және Алматы облыстарының әкімдіктері шағын сомадағы жобалардың санын азайтып мәлімдеген. Қостанай облысы Энергетика министрлігіне бірде-бір жоба мәлімдемеген», - деді минитр.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан (83,4 млн.теңгеге 1 жоба), Шымкент (695,4 млн. теңгеге 2 жоба), Павлодар (90,2 млн. теңгеге 1 жоба), Алматы (701 млн теңгеге 3 жоба) Батыс Қазақстан (186,9 млн. теңгеге 5 жоба) қалаларының әкімдіктері электрмен және газбен жабдықтау бойынша аз сомадағы жобалар санын мәлімдеген. Аталған өңірлерде ЖСҚ әзірлеу үшін жедел шаралар қабылдау қажет.
Өзгелердің жаңалығы