Оңдасын Оразалин Ақтөбеден шалғай орналасқан ауылдардың жағдайы туралы пікір білдірді

4 Қараша 2021, 16:15
1375
Бөлісу:
Оңдасын Оразалин Ақтөбеден шалғай орналасқан ауылдардың жағдайы туралы пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ырғыз ауданына қарасты Нұра және Белшер ауылы тұрғындарының  әлеуметтік мәселелері біртіндеп шешімін табады.

Бұл туралы облыс әкімі Оңдасын Оразалин мәлім етті. 

Оразалин бұл ауылдардың әлеуметтік мәселелерін шешуге неше қаржы және уақыт кететінін есептеп, тұрғындармен кездескенде уәде беретінін жеткізді.

Ол аудандарды жылына 3-4 рет аралайтынын, Ырғызға баруды желтоқсан айына жоспарлап отырғанын айтты. 

Бұл мәселеден хабарым бар. Бүгін, ертең шешіледі деп айта алмаймын. Себебі ол өте шалғайда орналасқан ауылдар. Аймаққа жол тарту үшін миллиардтаған қаржы талап етеді. Газ да солай. Ырғыз ауданының біраз мәселесін шешіп келе жатырмыз. Құрылыс, Шеңбертал ауылдарына биыл газ жүргіздік. Жыл аяғына дейін Құтикөл ауылына да газ тартамыз. Олардың да жол мәселесін шешумен айналысып жатырмыз. Бірден бола қоятын жұмыс емес. Себебі бұл Ақтөбеден 400 шақырым жерде орналасқан ауылды мекендер. Жайсаңбай және басқа да ауылдарға газды жобалауға кірістік. Қаражат мәселесін де шешеміз деген жоспар бар. Бірақ оған уақыт керек, – деді облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы