Өлім жазасының күшін жою ешқандай ескертусіз қабылдануы тиіс – Тоқаев

16 Қараша 2021, 18:05
629
Бөлісу:
Өлім жазасының күшін жою ешқандай ескертусіз қабылдануы тиіс – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында айтты.

Бұл салаға ерекше көңіл бөлетінімді білесіздер, өйткені оның жағдайы түптеп келгенде қоғамымыздың даму деңгейіне әсер етеді. Біз құқықтық және әділ мемлекет құру жолында кезең-кезеңімен ілгерілеп келеміз. Маусым айында мен құқық қорғау саласын кешенді жаңғыртуға бағытталған «ҚР Адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы» Жарлыққа қол қойдым. Бұған дейін менің бастамам бойынша еліміз өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қосылды, - деп айтты Президент.

Оның айтуынша, елімізде Қылмыстық кодекстің нормаларын осы хаттаманың ережелерімен үйлестіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Таяудағы Жолдауымда Қылмыстық кодекстің нормаларын оның нормаларымен үйлестіріп, заң қабылдауды тапсырдым. Тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте біздің құқық қорғаушылар арасында осы тақырыпта пікірталас өрбіді. Атап айтқанда, біз әзірленіп жатқан заң жобасының шала-шарпы екенін және бірқатар ерекшелікті есепке ала отырып, Қазақстанда өлім жазасын алып тастауды көздейтінін айтып отырмыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Жеміс Тұрмағамбетова бүгінгі талқылаудың түйінді тұстарын сенімді атап өткенін айтты. Айтуынша, құқық қорғаушылар сұрақты дұрыс қойып отыр.

Өлім жазасының күшін жою ешбір ескертусіз қабылдануы керек. Сондықтан Парламент менің ұстанымымды да, Ұлттық кеңес мүшелерінің де ұстанымын тыңдайды деп ойлаймын, - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы