Бас жаңалықтар
«Оқжетпес» клубының 19 жастағы футболшысы қайтыс болды
14 Тамыз 2019, 19:47 153

«Оқжетпес» клубының 19 жастағы футболшысы қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетаудың «Оқжетпес» клубының 19 жастағы футболшысы Роман Зюзин қайтыс болды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Әзірге өлімнің себебі нақты анықталған жоқ. 

«Туған туысыңнан, досыңнан, жақындарыңнан айырылу өте ауыр. Ал дені сау, болашағынан үлкен үміт күттіретін жастың кеткені тіптен екі есе ауыр. «Оқжетпес» клубы Роман Зюзиннің қайтыс болуына байланысты отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады! Роман - Көкшетау футболының түлегі және «Оқжетпес» жастар құрамасында ойнаған», - делінген баспасөз хабарламасында.

Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық