Оқушылар «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасында бақ сынайды
18 Қараша 2021, 20:05 77

Оқушылар «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасында бақ сынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұзақ үзілістен кейін «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасының тағы да жалғасатын болды. Пандемияға байланысты ұйымдастырушылар жарысты бір жылдан астам уақыт тоқтатуға мәжбүр болған еді.

2020 жылы «SportFEST Kazakhstan» командасы еліміздің Атырау және Жамбыл облыстарында болып, олар өзара жеңімпаздарды анықтады. Енді жеңімпаз командалар финалдық ойындарды күтіп жүр.

Алдағы уақытта жарыстар республика бойынша 15 қалада өтеді деп жоспарланған. 23 қарашада Ақтөбе облысының 8-10 сынып оқушылары «ең спорттық» атағына таласады. «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасының іріктеу кезеңіне республиканың 14 облысынан 210 аудан қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиадалық спорт түрлерінің қатарында шахмат, үстел теннисі, қыздар арасында баскетбол, ұлдар арасында футзал, әскери қолданбалы спорт, тоғызқұмалақ ойын түрлері бар.

Спартакиада екі іріктеу кезеңінен тұрады. Алдымен барлық облыстарда және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында аймақтық жарыстар өтеді. Бұл кезеңде аудандық, облыстық маңызы бар қала командалары өзара жарысады. 1-кезеңнің жеңімпаздары аты аңызға айналған «Балдәурен» (Бурабай) лагерінде өтетін 2-кезеңде өз аймағы немесе қаласының атынан сынға түседі.



Фото: дереккөз
Загрузка...