Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері Ақтөбе облысындағы деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар тарапынан 60-тан астам қылмысты ашты.
Олар көлікті айдап кету, заңсыз қару сақтау, жеке мүлікті ұрлау, тонау және кісі өлтіру т.б. да ауыр қылмысты дінді жамылып жасаған.
Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күреспен қатар Ішкі істер органдарының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Бұл теріс құбылыстар құқық қорғау органдары тарапынан уақтылы шаралар қабылдауды талап етеді. Сонымен қатар, бүгінгі күні осы бағытта белсенді жұмыс жүргізілуде. Облыс аумағында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға басты назар аударылады – делінген облыстық ішкі істер қызметінің баспасөзі таратқан хабарламада.
Айта кету керек, адамдар өзінің шынайы пайдакүнемдік және қылмыстық ниетін жасыру мақсатында дінді жамылады.
Полиция департаменті тұрақты негізде өңірдегі діни ахуалға жол бермеу мақсатында мониторинг жүргізіп отырады.
Мысалы, 2019 жылы 27 шілдеде Ақтөбе қаласында жағажайда кісі өлімі орын алды. Қылмыскер өз танысын аңшы мылтығымен атқан.
Жалпы, Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтардың террористік қауіп-қатерден қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қойылған міндеттерді орындауға дайын.Әкімшілік жауапкершілікке 511 адам тартылды. Оларға жалпы сомасы 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, діни әдебиетті заңмен белгіленбеген жерлерде заңсыз тарату фактілерін анықтау іс-шаралар жалғастырылды. Сонымен қатар, заңсыз медициналық қызметті жүзеге асырудың және дінді жамылған емшіліктің 1 фактісі анықталды – дейді мамандар.