Бас жаңалықтар
Нығматулин Катардағы Парламентаралық одақ Ассамблеясында сөз сөйледі
08 Сәуiр 2019, 12:27 513

Нығматулин Катардағы Парламентаралық одақ Ассамблеясында сөз сөйледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Катардағы Парламентаралық Одақтың 140-шы Ассамблеясында сөз сөйледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дүние жүзінен келген Парламент өкілдерінің жыл сайынғы кездесуінің басты тақырыбы - бейбітшілік, қауіпсіздік, заң үстемдігі және орнықты даму.

Әлемнің 178 елінен Парламент өкілдерін біріктіретін Парламентаралық Одақ сияқты халықаралық беделді алаңда осы мәселелерді талқылау жалпыға ортақ адамзаттық құндылықтардың тек қана мақсат емес, сонымен бірге заманауи көптеген қателердің алдын алудың тиімді жолы болмақ. 

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин атап өткендей, біздің еліміз тәуелсіздіктің алғашқы күннен бастап бейбітшілікті, келісімді, қауіпсіздікті сақтай отырып, жалпы адамзаттық құндылықтарға құрметтеу қарау идеясының жақтаушысы.

"Бұл елімізді ең дамыған әлемдегі 30 елдің қатарына кіру мақсатын қойған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі екені сөзсіз", - деді Нұрлан Нығматулин.  

Одан әрі Нұрлан Нығматулин өз сөзінде Қазақстанның және еліміздің Тұңғыш Президентінің тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталған бастамаларға назар аударды.

Бұл жолда, Мәжіліс төрағасы іс-қимылмен үйлестірілген бірлескен күш-жігердің қажеттігіне тоқталды.  

"Бұл мәселелерді Парламентаралық Одақ Ассамблеясы сияқты маңызды диалог алаңында талқылау ұлттық заңнамаларды біріздендіру және жақындастыру мақсатында біздің елдеріміздің парламенттері арасындағы өзара іс қимылды жан-жақты ынталандыруға, сондай-ақ заңнамалық практикалар мен инновациялық зерттеулер деңгейінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді", - деді Нұрлан Нығматулин.

Ассамблеяның қорытындысы ағымдағы жылдың шілде айына жоспарланған тұрақты даму жөніндегі жоғары деңгей БҰҰ саяси форумына қосылған парламенттік үлес болып табылады.

Парламентаралық одақ 1889 жылы әлемдік парламенттердің іс-әрекетін үйлестіру үшін құрылған. Қазақстан Парламенті 1993 жылы Парламентаралық одаққа мүшесі ретінде қабылданды. Қазіргі уақытта ол 178 ел мен 12 аймақтық парламентаралық ұйымдарды біріктіреді.

Загрузка...