Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендияға байқау жарияланды

17 Маусым 2021, 15:09
3906
Бөлісу:
Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендияға байқау жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық жоғары оқу орындарындағы журналистика факультетінің II, III, IV курс студенттері арасында Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендияға байқау жарияланды.

Нұртілеу Иманғалиұлы – өзінің эфирдегі бейнесімен Қазақ телевизиясының тұтас бір буынын тәрбиелеген тұлға. Біздің мақсатымыз – осы сабақтастықты жалғау, телевизияда Нұртілеу Иманғалиұлының ізбасарларын дайындау, есімі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау. Екіншіден, бұл болашақ журналистердің шығармашылық шеберлігін шыңдауға көрсеткен қолдауымыз, - дейді «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Үміткер Н.Иманғалиұлының телевизиядағы тұлғасы жайлы бейнематериал әзірлеуі тиіс. Материалдар қазақ тілінде қабылданады. Грант иегерлерін (екі жеңімпаз) арнайы комиссия анықтайды.

Стипендия әр жеңімпазға 2021-2022 оқу жылына беріледі. Жұмыстар 2021 жылғы 28 маусым – 28 тамыз аралығында baiqau@qazaqstan.tv электронды поштасы арқылы қабылданады.


Өзгелердің жаңалығы