Бас жаңалықтар
Нұртай Әбіқаев: Алдымызда үлкен міндеттер тұр
03 Маусым 2019, 18:39 1000

Нұртай Әбіқаев: Алдымызда үлкен міндеттер тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Отандастар Қоры» КЕАҚ жанынан құрылған Қоғамдық Комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Отырыстың басты мақсаты – Елбасы шеттегі және елге көшіп келетін ағайынды қолдау үшін «Отандастар» қоры» мен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына» бірлесіп, отандастарға жан-жақты қолдау және көмек берудің іс-шараларын анықтап берген шараларды атқару.

Шеттегі қандастарымызға байланысты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары:

- шеттегі қандастарымызды жан-жақты қолдау;

- Қазақстанға көшіп келген ағайындардың бейімделуіне көмек беру;

- мемлекеттік диаспоралық саясатты бағдарламалық және заңнамалық құжаттармен қамтамасыз ету.

Комиссияның негізгі міндеті – мемлекеттік диаспоралық саясатты қалыптастыруда және отандастарға қолдау көрсетуде атқарылатын шаралардың жүзеге асырылуына жан-жақты ықпал ету.  

Комиссияның шешімі бойынша оның жұмысына мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ Комиссия қызметіне қолдау көрсететін және жәрдемдесетін адамдар қатыса алады.

«Қоғамдық Комиссия, өз жұмысын бүкіл әлем қазақтарын тарихи және этникалық Отаны төңірегінде біріктіру идеологиясын негізге ала отырып, қазақ диаспорасына қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастыруға бағыттайтынына сенімдімін. Алдымызда үлкен міндеттер тұр, оларды шешу жолында бірлесіп қызмет атқаруға шақырамын», - деді Қоғамдық комиссияның алғашқы отырысында «Отандастар Қоры» КЕАҚ-ның Президенті Нұртай Абықаев.

Қоғамдық Комиссияның күн тәртібінде "Отандастар" қорының негізгі қызметі мен жобалары, сондай ақ, комиссияның ұйымдастырушылық шаралары талқыланады.

Комиссия құрамына сайланған мемлекеттік және қоғам қайраткерлері - Қуандық Тұрғанқұлов, Түркітану және Алтай ғылыми-зерттеу орталығының директоры - Сартқожа Қаржаубай, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамыраев,  Қазақстан заңгерлері одағының төрағасы Серік Ақылбай,  «Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, сондай ақ ғалымдар, саясаттанушылар және басқа да қоғам белсенділері Қоғамдық комиссияның төрағалығына ұсынылған ҚР Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлын қолдады.

Диалог алаңының жұмысы барысында «Отандастар Қоры» КЕАҚ-ның қызметінің негізгі бағыттары туралы таныстырылым жасалып, жан-жақты талқылауға салынды.

Сондай-ақ, Қоғамдық комиссияның 2019 жылға арналған жұмыс жоспары мақұлданып, otandastar.org.kz ресми порталының  іске қосылғанғандығы жарияланды.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық