Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар авто-экспедиция мүшелерімен кездесті
PHOTO
22 Маусым 2021, 21:02 1067

Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар авто-экспедиция мүшелерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін баратын салт аттылар 18 маусым күні Жасыбай көлінен аттанып бара жатқанда тағы бір экспедиция мүшелеріне кездесті.


Бұл кездесуге себепкер болған белгілі фотограф Дмитрий Ругис.


Ұлттық Ат туризмі федерациясының тұңғыш сапарының құрамы «BAITAK DALA – BABALAR MURASY» экспедициясымен және «NOMAD» авто-саяхатшылары бұған дейін де бірнеше рет экспедиция жасаған.


Менің мақсатым — әлемдегі Ұлытауларды аралау. Бәрінің бастауы және ең көне атауы біздің Ұлытау. Түркияда, Кавказда, т.б. жерлерде бірнеше Ұлытау бар, — дейді Дмитрий Ругис.

Бұл жолғы экспедиция Балқаш көлі жағасынан басталған. 

Авто-экспедицияны саяхатшы Мирам Байкенов басқарған. Сонымен қатар «Ұлытау» тарихи-мәдени және табиғи ұлттық қорық-мұражайы қолдап, ұйымдастырды. Мақсат – өскелең ұрпаққа табиғаттың бірегей сұлулығын, қазақ даласының бай жер қойнауын, биік таулары мен өзен-көлдерін таныту. Бұған дейінгі сапарларда Түркияда болдық, күзде Кавказға барамыз ба деген жоспар бар, — дейді Дмитрий Ругис.

Авто-экспедиция мүшелері Дмитрийге өздері ұсыныс жасаған. Қазақстанның орталық өңірлерін аралау үшін он шақты күн уақытын арнапты.


Бұл іс-шара қазіргі интернет дәуірінде аса қажет. Балаларға смартфондар мен гаджеттерден бөлек, «оффлайндағы» қызықты өмірді көрсетеді. Сол себепті де біздің құрам жас балаларын ертіп жүр. Олар да еліміздің әдемілігіне тәнті болып жүр, - дейді фотограф.

Авто-экспедиция 4000 шақырымнан астам жолды бағындырмақшы.

«BAITAK DALA – BABALAR MURASY» экспедициясының мүшелері Нұр-Сұлтаннан шыққан салт аттыларға Каспий теңізі жағалауында 40 млн жыл жатқан акуланың тісін сыйға тартты.


Бұл сапарға кез келген адам қатыса алады. Жасқа шектеу жоқ. Біз бір команда жинап, өз көлігімізбен, өз қаржымызбен, өз еркімізбен жүрміз. Ең бастысы, ұрпағымызға осынау ұлы даламызды таныстырып кетсек болғаны, - дейді Дмитрий Ругис. 

Естеріңізге сала кетейік Нұр-Сұлтан қаласынан басталған салт аттылар сапары 1000 шақырымды бағындырып, Жидебайдағы Абай-Шәкерім кесенесінде аяқталады. 

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған сапардың бас ақпараттық демеушісі – BAQ.KZ ақпарат агенттігі.


Фото: автордан
Загрузка...