Нұр-Сұлтандағы жол апаты: 9 адамның жағдайы орташа деп бағалануда

28 Наурыз 2019, 12:38
1920
Бөлісу:
Нұр-Сұлтандағы жол апаты: 9 адамның жағдайы орташа деп бағалануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық №2 көпбейінді ауруханада 13 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, олардың төртеуінің жағдайы ауыр (жан сақтау бөлімінде), тоғызының жағдайы орташа деп бағалануда.

Қалалық №1 ауруханада апат салдарынан зардап шеккен тағы да бір әйел емделуде. Оның жағдайына да орташа деген баға беріліп отыр.  

 Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін таңертең Нұр-Сұлтандағы Қабанбай батыр даңғылында үш автобус пен жеңіл автокөліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.  

Сонымен қатар, зардап шеккендердің арасында 1983 жылы туған Филиппин азаматшасы бар. Оның жағдайы орташа ауыр. Алдын ала диагнозы – кеуде қуысының жарақаты, жамбастың сынуы.

Жан түршігерлік жол апатының салдарынан 27 адам зардап шегіп, екі адам қаза тапты.
Өзгелердің жаңалығы