Нұр-Сұлтанда жол апаты болды. Зардап шеккендер бар

26 Наурыз 2019, 10:31
2941
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда жол апаты болды. Зардап шеккендер бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 26 наурыз, таңғы сағат 9.40 шамасында Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлы Дала мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева мәлімдеді.

"Бүгін, 26 наурыз, таңғы сағат 9.40 шамасында Ұлы Дала мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында 303, 12, 53 бағыттарында жүретін жолаушылар автобустарының қатысуымен жол апаты орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша зардап шеккендер бар. Ақпарат толықтырылады", - деді ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы