Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда 4 жасар бала 8-қабаттан құлап кетті
02 Тамыз 2021, 22:36 618

Нұр-Сұлтанда 4 жасар бала 8-қабаттан құлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы көпқабатты үйлердің бірінде 4 жасар бала балконнан құлап кетті.

Желіде тараған ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департментінің баспасөз қызметі растады.

Бүгін сағат 20.37-де полицияға Иманбаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің 8-қабатындағы балконның терезесінен 4 жасар баланың құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Онымен бірге пәтерде ата-анасы болғаны анықталды, – деп жазды ПД-нің баспасөз қызметі.
Полицейлердң айтуынша, балалардың терезеден құлауы жаз айларында жиі тіркеледі.

Полиция ересектерді қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтауға шақырады. Қандай жағдай болса да, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, балалардың ашық терезе жанында ойнауына жол бермеңіз. Есіңізде болсын, москит торы баланың көзіне алдамшы тірек болып көрінеді. Терезеге арнайы құлпы бар тұтқаларды орнатқан жөн, – делінген ПД ақпаратында.

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...