Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезі басталды

25 Қараша 2020, 11:05
1707
Бөлісу:
Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезі басталды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қазмедиа орталығында» Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезі басталды. Шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтеді. 

Шарада Парламент Мәжілісі сайлауына арналған партиялық тізімді, партияның сайлауалды бағдарламасын бекіту жоспарланып отыр.  

Күні кеше Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының саяси кеңесі бюросының отырысы өткен болатын. 

Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезі басталды

Бюро мен Саяси кеңес отырыстарының нәтижесінде 126 кандидаттан құралған тізім бүгінгі Nur Otan партиясының ХХ съезінде ұсынылады. 

БАҚ съезд туралы «Қазмедианың» 21-қабатындағы баспасөз орталығынан ақпарат таратып отыр. Санитарлық талаптар барынша қамтамасыз етілген. 

Журналистер арақашықтықты сақтап, маска тағып отыр.

Өзгелердің жаңалығы