Норвегия жаңа шектеулерді енгізді
3 Желтоқсан 2021, 21:13 201

Норвегия жаңа шектеулерді енгізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап Норвегияға теріс нәтиже көрсеткен ПТР тесті бар адамдар ғана кіре алады. 

Міндетті тестілеу коронавирустың және омикрон штаммының таралуына қарсы күрес аясында енгізілуде. Мемлекетке келетін туристтерден вакцинациялаудың толық курсын алғанына қарамастан тест нәтижесі талап етіледі. Шпицберген аралына келетін барлық саяхатшыларда елге кірер алдында COVID-19 теріс нәтижесі бар сертификат болуы керек. Сонымен қатар Норвегияға кіруді жоспарлаған тұлғалар өздерінің сапарлары туралы алдын-ала хабарлауға және арнайы мәліметтер базасында тіркелуге міндеттеледі.

Иранда коронавирусқа қарсы бағытталған барлық іс-шараларға қарамастан елдегі эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі. Өткен тәулікте COVID-19 індетінің 3 839 жаңа жағдайы тіркелді, инфекция салдарынан 76 адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, пандемия кезінде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 6 125 596-ға, ал қайтыс болғандардың саны 129 988-ге жетті. 

Министірліктің ақпараты бойынша бүгінгі күні 3 314 науқастың жағдайы ауыр. Вакцинация қарқыны бойынша Иран аймақтағы көшбасшылардың қатарында, алғашқы дозаны 57 867 860 адам салдырса, вакцинациялаудың толық курсын 47 608 297 адам өткен.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...