Өнертапқыш студенттер катамаран құрастырды

18 Шілде 2020, 19:07
3320
Бөлісу:
Өнертапқыш студенттер катамаран құрастырды
PHOTO

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі Торайғыров университетінде бірнеше өндірістік алаң ашылды. Қазіргі таңда өнертапқыштар газоблок, электр катамарандары мен антисептиктер өндірісін іске қосты.

Торайғыров университеті ғылыми жобаларды коммерцияландыруға баса назар аударған. Жуырда Павлодар облысының зауыттарынан шығатын өндірістік қалдықтардан газоблоктардың алғашқы партиясы өндірілді.

Оқу орны өкілдерінің айтуынша, кірпіштің беріктілігі D400, D600, D800 маркалы бетонға сәйкес. Аязға төзімді және ұзақ мерзімге жарамды.

катамаран1.jpeg

Мамандардың айтуынша, бұл шағын өндіріс индустриалды аймақта жиналып қалған шламдар мен күл қалдықтары азайтуға сеп болады. Алдағы уақытта өндіріс қуаттылығы артып, құрылыс материалы жылы тұрғын үйлерді салуға қолданылмақ.

Өндіріс толыққанды іске қосылған соң азаматтық құрылыспен айналысып, "Қолжетімді баспана" бағдарламасына қатысуға ниеттіміз. Бұл цехта, сонымен қатар, нарықтағы бағасы қолжетімді өзге де кірпіш түрлері жасалады. Бағасы арзан әлі техникалық сипаттамалары жақсы болады. Бұл газоблоктарды жасау әдісін т.ғ.к, профессор Шамиль Торпищев ойлап тапқан. Ғалымның технологиясын қолдану арқылы цемент қажет етілмейтін кірпіштер шығарылады, - дейді ғалымдар.

Шамиль Торпищев - 30 жыл бойы сәулет-құрылыс факультетінде еңбек етті. 80-нен астам ғылыми өнертабыстың авторы.

Университет жанындағы ғылыми-инновациялық хаб директорының орынбасары Серік Шәріповтың айтуынша, жоғары технологиялы құрылыс материалдарының өндірісі экологиялық тұрғыдан қауіпсіз.

Негізгі мақсат - техногенді қалдықтарды азайту. Сонымен қатар, отандық құрылыс саласын дамыту арқылы жаңа заманға сай өнім шығару, - дейді Серік Шәріпов.

катамаран2.jpeg

Университет ғалымдарының бір бөлігі электр самокатының бірнеше данасын шығарды. Идея авторлары - Асылхан Маздубай мен Руслан Мұқанов.

 Өңірде шағын кеме қозғалысы қарқынды дамымағандықтан, бұл өнертабысымыз саланың өркендеуіне септігін тигізуі мүмкін. Катамарандар серуендеу таксиі қызметін атқара алады. Қазіргі уақытта әуесқой балықшылар мен туристер арасында шағын катерлерге сұраныс бар. Біз жасаған катамарандар су айдындарында серуендеуге арналған. Бағасы қолжетімді жән экологиялық тұрғыдан қауіпсіз. Шағын су көлігі баламалы энергия көздерін тұтынады, - дейді Асылхан Маздубай.

Электр катамараны 20 адамға арналған және ағынға қарсы сағатына 15 шақырымды еңсере алады.

Өзгелердің жаңалығы