Дәріні көтеріңкі бағада сатқан дәріханалар анықталды

18 Шілде 2020, 18:34
1700
Бөлісу:
Дәріні көтеріңкі бағада сатқан дәріханалар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесе отырып Степногорск қаласындағы дәріханаларда "Цефтриаксон" және "Ликопид" дәрі-дәрмектерін көтеріңкі бағада сату фактісін анықтады.

Тексеріс барысында "Ликопид" дәрісінің 2 орамасы мен 98 флакон "Цефтриаксон" дәрісі тәркіленіп алынған. 

Аталған фактілерде ҚР ӘҚтК 426-б. қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар. Тәркіленіп алынған дәрілік заттар өкілетті органға тексеріс жүргізіп, дәріхана басшылығын әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.
Өзгелердің жаңалығы