Министр: Некені QR-код арқылы тіркеуге болады

11 Маусым 2020, 16:36
2512
Бөлісу:
Министр: Некені QR-код арқылы тіркеуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысында egov.kz порталынан QR-код арқылы алуға болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін атады.

Министрдің айтуынша, QR-код арқылы алуға болатын қызметтерді осы айда ұсыну үшін техник мамандар жұмыс істеп жатыр.

"eGovmobile" қосымшасы арқылы көрсетілмейтін қызметтерді QR-код арқылы алу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Айдың аяғына дейін бұл жұмысты тәмамдаймыз, – деді Жұмағалиев. 

Министр QR-код арқылы алуға болатын қызметтердің түрін айтып берді. 

 QR-код арқылы алуға болатын алғашқы мемлекеттік қызметтер: некені тіркеу, баланың тууын тіркеу, балабақша кезегіне қою, заңды тұлғаны тіркеу, салық есебін қабылдау (250 пішін). Бұл қызметтерді компьютер арқылы алу барысында ЭЦҚ-ға қол қою кезінде QR-кодты сканерлеп, қызметті eGovMobile қосымшасы арқылы алуға сұрау жіберуге болады. Ол үшін компьютеріңізге ЭЦҚ-ны пайдалану үшін қосымша бағдарлама орнатудың қажеті жоқ, - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.
Бұған дейін министр Қазақстанның IT-нарығында 69 мыңнан астам адам жұмыс істейтінін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы