Назарбаев әуежайында барлық рейс кейінге қалдырылды

27 Қаңтар 2020, 10:10
1335
Бөлісу:
Назарбаев әуежайында барлық рейс кейінге қалдырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райына байланысты Назарбаев әуежайындағы барлық рейс кейінге қалдырылды, деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ұшып келуі мен ұшу бойынша барлық рейстер кейінге шегерілді.

19 ішкі рейс, 13 халықаралық рейстердің ұшуды кешіктірді. Сондай-ақ, 14 ішкі рейс пен төрт халықаралық рейстің ұшуы тоқтатылды.

Сондай-ақ, 16 халықаралық және 20 ішкі рейстер кейінге қалдырылды. Ұшып келгене 13 ішкі және екі халықаралық рейстер тоқтатылды.

Өзгелердің жаңалығы