Назарбаев түркиялық саясаттанушыны қабылдады

26 Ақпан 2020, 19:01
1486
Бөлісу:
Назарбаев түркиялық саясаттанушыны қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті түрік саясаттанушысы, профессор Кюршад Зорлуды қабылдады. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.

Кездесуде Елбасы Қазақстанның қалыптасу тарихын зерттеуге танытқан қызығушылы үшін профессор Кюршад Зорлуға алғысын білдірді.

Сіздің кітап жазғаныңызды білемін. Бүгін "Егемен Қазақстан" газетінде кітабыңызға үлкен мақала арналды. Сіз Қазақстан дамуының негізгі аспектілері мен Түркі әлемі бірлігінің маңыздылығына тоқталдыңыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде, Кюршад Зорлу кездесу үшін алғысын білдіріп, тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру жолында Тұңғыш Президенттің зор үлес қосқанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы