Бас жаңалықтар
Назарбаев: Ол саналы ғұмырын отандық телевизияның дамуына арнады
19 Мамыр 2020, 00:21 776

Назарбаев: Ол саналы ғұмырын отандық телевизияның дамуына арнады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы белгілі журналист Бейсен Құранбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев танымал тележүргізуші Бейсен Құранбектің мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Ол саналы ғұмырын отандық телевизияның дамуына арнады. Өз ісінің кәсіпқой маманы ретінде ұлттық ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосып, туған еліне адал қызмет етудің жарқын үлгісіне айналды. Талай тың әлеуметтік бағдарламалардың дүниеге келуіне септігін тигізді.Оның өнегелі өмірі мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін, - делінген жеделхатта.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...