Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар наградамен марапатталды

20 Наурыз 2019, 12:49
2380
Бөлісу:
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар наградамен марапатталды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» және «Еңбек ері» атақтары берілді. 


Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «Еңбек ері», «Халық қаһарманы» атақтарымен қоса, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» ордені берілді.

Бұған қоса, жаңа Президент елордада Назарбаевқа арнап монумент орнатуды және барлық облыстық қалалардың орталық көшелеріне Нұрсұлтан Назарбаев есімін беруді ұсынды. 

Бұған дейін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынған болатын.
Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ
Өзгелердің жаңалығы