«Астана» ХҚО әлемнің басқа қаржы орталықтары сияқты дамиды – Назарбаев

13 Мамыр 2019, 16:11
1429
Бөлісу:
«Астана» ХҚО әлемнің басқа қаржы орталықтары сияқты дамиды – Назарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «Астана» халықаралық қаржы орталығының қазіргі қызметі және алдағы жоспары туралы мәлімделді.  

Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы – ең ауқымды әрі маңызды жобалардың бірі. Оған зор үміт артып отырмыз. Бұл құрылым Қазақстанның ғана емес, бүкіл өңірдің қаржы орталығына айналады. «Астана» халықаралық қаржы орталығы әлемнің басқа қаржы орталықтары сияқты дамитын болады. Осы бастаманың табысты болғанын қалаймын», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.  

Өзгелердің жаңалығы