Елордада алдағы күндері найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі

1 Шілде 2019, 12:46
1794
Бөлісу:
Елордада алдағы күндері найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Ақмола облысында дауылды ескерту жариялады.

"2-3 шілдеде Ақмола, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші түнде 2 шілдеде кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз 2 шілде күні, тәулік бойы 3 шілдеде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с, және одан аса күтіледі. Күндіз 2 шілдеде, тәулік бойы 3 шілдеде Ақмола, 3 шілдеде Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі", - делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжауына қарағанда, Нұр-Сұлтан қаласында 3 шілдеде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 95-98%.

Өзгелердің жаңалығы