Наурыздағы жақсылық: «ҚазАқпарат» ұжымы тұрмысы төмен отбасыларға көмек берді
21 Наурыз 2021, 18:00 999

Наурыздағы жақсылық: «ҚазАқпарат» ұжымы тұрмысы төмен отбасыларға көмек берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Наурыз мерекесіндегі ел бойынша игі істер әлі де жалғасып жатыр. Бүгін «ҚазАқпарат» ХАА ұжымы қазақтың киелі мерекесі қарсаңында елордада тұратын жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратты.

Сауапты іске халықаралық агенттіктің ұжымы бір кісідей атсалысты. Акция аясында бас қалада тұратын 12 отбасыға азық-түлік себеттері табысталды.


Бүгінгі қайырымдылық шарасын аяқтап, үйге қайтып барамыз. Көмек алған отбасылар шексіз алғыстарын білдіруде. Арасында көздеріне жас алып, көңілдері босағандары бар!, - деді қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылардың бірі Гүлмира.

Мейрам қарсаңында көмек алған отбасылар шексіз алғыстарын білдіріп, бата берді.

 Ақ мол болсын, Ұлыс оң болсын! Еліміз, халқымыз аман болсын! Індет кетіп, осы батамыз қабыл болсын, - деді қала тұрғыны.
Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында елордада «Игі істер» жалпыұлттық марафоны ұйымдастырылған еді. Еріктілер мен қаланың белсенді тұрғындары көмекке мұқтаж адамдарға азық-түлік себеттерін таратып, егде жастағы адамдардың үй аулаларын қардан тазартып, қайырымдылық іске үлес қосып жатыр.


Фото: дереккөз
Загрузка...